СУ САПАСЫ МЕН ҚЫСЫМЫ ТАЛАПҚА САЙ

Баршаңызға белгілі, «Арай», «Арай-2», «Арай-3» аудандары мен қаланың сол жағалауы тұтынушылары үшін ауыз су «Арай» су алу құрылымынан қамтамасыз етіледі. Аталған құрылымға 2013 жылы Қызылжарма жерасты кен орнынан 13 ауыз су ұңғыма бұрғыланып, пайдалануға берілген еді. Қазір 470-482 метр тереңдіктен алынған жалпы көлемі 1 000 текше метр су болатын 4 таза су резервуары жұмыс істейді.

Айта кету керек, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес су жинау резервуарлары 2 жылда 1 рет тазартылса, «Арай» су алу құрылымының таза су резервуарлары мен кварталаралық ауыз су жүйелеріне бір жылда 2 реттен тазарту жүргізілуде. Яғни, стандартқа сай тазалық талабы сақталған.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үй аудандарында насос станциясы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, су қысымын көтеруге де баса назар аударылды. Яғни, су жеткізу мәселесі толық шешімін тапқан.

Тағы бір тың жаңалық, биыл «Арай» су алу құрылымынан жаңадан 5 ұңғыма бұрғылау жұмыстарына конкурс жарияланып, «Story Global 2018» ЖШС жеңімпаз атанды. Бүгінде 4 ұңғыма бұрғыланып, өндірілген ауыз су сапасының барлық талаптарға сәйкестігі анықталды. Мұндай тұщымды жұмыстарға ауыз су тұтынушылары тарапынан ешбір шағым жоқ.

БӨЛІСУ