АУДАН ӘКІМІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Профидактикалық шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге білім беру ұйымдарының өкілдері және жастар атсалысты.

Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындары, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексерілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.

БӨЛІСУ