Бүгін аймақ башысы Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекке Президент Жарлығымен мемлекеттігіміздің қалыптасуына, ел егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілген «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Аудан басшысына бұл марапат еліміздің Ата Заңының мерейлі мерекесі қарсаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін берілді.
Айта кетейік, Жандос Еркінбек басшылық жасаған кезеңде ауданда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың жаңғыруы, тұрғындардың өмір сапасының артуы сынды бағыттарда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Табысталған төсбелгі – нәтижелі қызметтің, халықпен тығыз байланыста атқарылған жұмыстың және аудан дамуына қосылған нақты үлестің көрінісі.