Қызылорда қаласында өткен «Ұлы Жеңістің 80 және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл» толуына орай ауыл спортшыларының «Алтын күз-2025» ХХХVIII облыстық спартакиадасы және «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына іріктеу жарыстарында Аударыспақтан Қазалы ауданының құрамасы жүлделі 2 орынға ие болды.
Ұлттық спорт түрі Аударыспақтан аудан командасының құрамында Нұртай Айсұлтан, Орынбай Темірхан, Уралбаев Данияр, Жұмабай Жасұлан, Аманжол Аяп, Бегімов Мұхамет, Жақсыбай Айбек, Көбейсін Алмат, Жайлыбаев Айдос сынды білекті жігіттер бақ сынады.