Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2025 жылға арналған бұқаралық спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында ауыл спортшылары арасында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» және «Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл» мерекелеріне арналған дәстүрлі «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасы өтті.
Сонымен қатар бұл жарыс «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорт ойындарына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылды.
Ауқымды додада Шиелі ауданының спортшылары ерекше белсенділік танытып, жекпе-жек сайыстарында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есепте І орын иеленді!
Бұл – ауданда бұқаралық спорттың жүйелі дамуының, спортшылардың қажырлы еңбегі мен бапкерлердің ерен еңбегінің айқын нәтижесі.
Аудан мерейін үстем етуде жарыс жолын жетістіктермен бастаған барлық спортшыларға алдағы сындарда жеңіске жетуін тілейміз!