ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр Жалағаш ауданының мемлекеттік орган қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Жиынға кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов жүргізіп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары мен әдеп кодексі нормаларының қатаң сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Жиында Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелеріне, сондай-ақ қызметтік әдепті нығайтуға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды арттыру мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерден арнайы сауалнама алынып, қызмет әдебіне байланысты пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.

 Семинар-кеңес қорытындысымен Бағдат Әбдіқадыр әрбір қызметкердің кәсіби этиканы сақтауы мемлекеттік орган беделін арттыруға, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін күшейтуге ықпал ететінін атап өтіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына нақты мысалдар келтіре отырып жауап берді.

БӨЛІСУ