КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

19 тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қала мен аудандардың кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағалары қатысты.

Отырыс барысында 2025 жылғы 6 айдағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың және ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарының 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындысы, сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысымен облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбет тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

БӨЛІСУ