Бүгін партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы өткізілді.
Игілікті іс-шараға партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Орынбасева қатысып, ата-аналар мен бүлдіршіндерге акцияның мақсатын жеткізді.
Жыл сайын «AMANAT» партиясының бастамасымен өткізілетін қайырымдылық акциясына «Мәдениет үйі» бастауыш ұйымы биыл өз үлесін қосып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 12 отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен сөмкелер беріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Қуанса, бала қуансын» демей ме? Балаларды қуанту – зор бақыт. Барлық ата-ана баласының жүзінен қуанышты көргісі келеді. Бүгін міне акцияға үлес қосқан азаматтар арқылы біз соған куә болып отырмыз.Мұндай игі іс партия белсенділерімен мүмкіндігінше жасалып жатыр. Мақсатымыз – бүлдіршіндеріміз еш кедергісіз мектепке барып, сапалы білім, саналы тәрбие алуына үлес қосу және үлкеннің де, кішінің де қоғам назарынан тыс емес екенін сездірту»,- деді партияның Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.