НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Бүгін Тереңөзек кенті тұрғындарына нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру. Нашақорлық – тек бір адамның ғана емес, бүкіл отбасының, тіпті қоғамның қасіреті. Сондықтан әрбір азаматтың бұл мәселеге бейжай қарамауы маңызды. Парақшаларда нашақорлықтың денсаулыққа, отбасыға және болашаққа әкелетін зардаптары нақты деректермен көрсетілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттен арылудың жолдары және көмек алу үшін сенім телефондары да жазылған. Қоғам болып бірігіп әрекет еткенде ғана жастарымызды жаман әдеттен сақтап қала аламыз. Әрбір ата-ана, мұғалім, тәрбиеші жасөспірімдерге дұрыс бағыт беріп, бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етуі тиіс.

Денсаулық – басты байлығымыз, сондықтан нашақорлыққа жол жоқ. Салауатты өмір салтын ұстанып, жарқын болашақ үшін бірге атсалысайық!

БӨЛІСУ