Қызылорда қаласы «Өнер орталығында» өткен Құрылысшылар күні ерекше сәтке толы болды! Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары — Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, сондай-ақ облыстық құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналғандарды Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтап, өңірде жүзеге асқан ірі құрылыс жобалары мен жетістіктерді ерекше атап өтті.
Мерекелік шарада облыс әкімі Сырдария ауданының ардақты құрылысшысы, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сматұлы Қожамұратты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Бұл — талай жыл маңдай терін төгіп, ғұмырын туған жердің игілігіне арнаған азаматқа көрсетілген зор құрмет!