Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Әбдіреев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
— Баймұрат батыр ауылының жаңадан қалыптасқан көшелеріне тас жол салуға қаржы қаралып, 19 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талдыарал елді мекенінің 1-ші көшесіне көше жарығы орнатылады. Мұнан бөлек, бірқатар жобаларды жүзеге асыруға бюджетке өтінім берілді. Олардың қатарында, су тарату насосы мен аяқ су жүйесінің құрылысы, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жобалары бар. Ал, 10 көшеге ауыз су құбырын тартуға, жабық спорт кешенін салуға демеушілік негізінде жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, — деді ауылдық округ әкімі Саттар Бейбітұлы.
Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жылыжай мен көлік жөндеу орталығы бойынша ұсынылған жобалар қаржыландырылды.