ҚАЗАЛЫ КӘСІПКЕРЛЕРІ: БИЗНЕСТІҢ ДЕ, ҚОҒАМНЫҢ ДА ТІРЕГІ

Қазір елімізде қоғам игілігі үшін қызмет ететін әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау бағытында нақты қадамдар жасалуда. Соның бірі – «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне» ену мүмкіндігі.

Бұл тізілімге енген кәсіпкерлер:
Мемлекеттік қолдау құралдарына ие бола алады;
Қоғамдағы осал топтарға жұмыс орындарын ұсынып, әлеуметтік әсер қалыптастырады;
Мемлекеттік тапсырыстар мен жеңілдіктерге жол ашады.

Қазіргі таңда Қазалы ауданында да бірқатар кәсіпкерлік субъектілері «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне» енгізілді.
1. «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық» ЖШС-гі мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1- санат, Әйтеке би кенті;
2. «Кузенбаева Зинегул» жеке кәсіпкерлігі мал шаруашылығы саласы бойынша 1- санат, Құмжиек ауылдық округі;
3. «Гауһар Тас — 2» балабақшасы» ЖШС-гі мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санат, Әйтеке би кенті;
4. «Азиза «Дента» стоматологиялық кабинеті» ЖШС-гі стоматологиялық қызмет бойынша 3-ші санат, Әйтеке би кенті;
5. «Ханшайым — 1 бөбекжай-балабақшасы» ЖШС-гі мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санат, Әйтеке би кенті.

Қазалы ауданындағы әлеуметтік кәсіпкерлер – жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жастарға жұмыс беріп, табыс табумен қатар, қоғамға үлес қосып отырған жандар.

Егер сіз де әлеуметтік бағытта жұмыс істеп жүрген болсаңыз, өз кәсібіңізді тіркеу арқылы қосымша қолдауға ие бола аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы №130 мекен-жайда орналасқан Қазалы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне жүгініңіз.

БӨЛІСУ