Сырдария ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Аудан аумағында жалпы ұзындығы
263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 99 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, ауданға қарасты кент және елді мекендерде жалпы ұзындығы 238,3 шақырымды құрайтын 227 көше бар (Оның ішінде: асфальтты жолдар – 198,6 км; қиыршық тасты – 20 км; топырақты – 19,7 км).
Бүгінгі күнге ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы – 82 пайыз.
Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1 млдр. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп,
46 шақырымды құрайтын аталған жол толығыменжөнделді.
Биыл Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 7 көше күрделі жөндеуден өткізілуде.
Аудандық бюджет есебінен бөлінген
77 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Жетікөл, Аманкелді және Іңкәрдария ауылдарында
14 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстары 53 пайызға жетті.
2024 жылы Шаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Осы жұмыстардың нәтижесінде электр желілерін жаңарту жұмыстары 57 пайызға жететін болады.
Бүгінде Тереңөзек кенті, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдарының электр жүйелерін жаңартуға демеушілікпен жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға ұсынылды.
Аудан тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген.Тұрғындарға сапалы ауыз су тәулік бойына үздіксіз берілуде.
Бүгінде ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 50 пайызды құрайды.
Аймақ басшысының қолдауымен Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен 661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен мамыр айынан бастап табиғи газдың игілігін көруде.
Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2,6 млрд. теңгеге Шаған ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары атқарылатын болады.
Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 200 млн. теңгеқаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта Бесарық, Шіркейлі, Қоғалыкөл елді мекендерін газдандыруға демеушілік есебінен жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.