Астаналық сот Перизат Қайраттың ісі бойынша үкім шығарды. Ол алаяқтық жасады және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал анасы – Гайни Алашбаеваға сот 7 жыл берді.
Сот оларды мына баптар бойынша кінәлі деп таныды:
– аса ірі көлемдегі алаяқтық;
– қылмыстық жолмен келген қаражатты бір топ адаммен алдын ала сөз байласып заңдастыру;
– аса ірі көлемдегі ақшаны жымқыру.
