Аудан әкімі Жандос Еркінбектің есеп беру кездесуі Қармақшы ауылдық округінде жалғасып, жергілікті тұрғындарға 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қармақшы ауылдық округінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Осы ауылға қарасты Қызылтам елдімекеніне кіреберіс жолды қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны – 741,2 млн. теңге қаралды. Жоспарға сәйкес нысанның толық жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталатын болады.
Бұдан бөлек, орталық алаңды абаттандыру мақсатында тиісті қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары тамыз айының үшінші онкүндігінде аяқталуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қызылтам елді мекеніне балалар ойын алаңын салу жобасы әзірленіп, 64 млн теңге көлеміндегі жобалық-сметалық құжаттама толық дайындалып, тиісті сараптамадан өтті. Қазіргі таңда қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.
2025 жылы ауданның бастапқы бюджеті 12 млрд. 176млн.теңге көлемінде бекітілді. 1-ші жартыжылдық ішінде аудан бюджетіне екі мәрте нақтылау жүргізіліп, нәтижесінде бюджетіміз 21 млрд 115 млн. теңгеге ұлғайды.
Аудан бюджетінің қаражатын тиімді жоспарлау мен қосымша қаржы көздерін тарту нәтижесінде бюджет 8,9 млрд. теңгеге немесе 73,4 пайызғаұлғайды.
Анықтам үшін:
ІІІ-Интернационал елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 332,4 млн. теңге;
Алдашбай Ахун елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 184,2 млн. теңге;
Ақжар елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы 331,5 млн. теңге;
Иіркөл ауылына газ құбырымен квартілшілік газ тарату желілерін салу – 321,2 млн. теңге;
Төребай би ауылына газ құбырымен квартілшілік газ тарату желілерін салу – 431,6 млн.теңге;
тұрғын үй сатып алуға – 750,0 млн. теңге;
Байқоныр қаласында 50-пәтерлік бес тұрғын үйлер құрылысына 1 000 млн. теңге;
Дүр Оңғар ауылындағы газ құбырымен квартілшілік газ тарату желілерін салу – 5 229,0 млн.теңге;
Өз кірістеріміз – 411,8 млн. теңге.
2025 жылы ауданның өз кірістері 2 млрд. 283 млн. теңге болып бекітіліп, 6 ай қорытындысымен 411,8 млн. теңгегеұлғайтылып, 2 млрд. 694,8 млн. теңгені құрады.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан және ауылдық округ әкімдеріне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап алды.