2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан жастары қатысып, колледждегі оқу процесімен, білім беру бағыттарымен және өндірістік тәжірибе мүмкіндіктерімен танысты.
Шара барысында Сырдария аудандық Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат беріп, кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру және олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына қолдау көрсету болып табылады.