Қармақшы ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек баяндады.
— 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін ауданда 3205 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 33 жоба қаржылай қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін әлеуметтік осал топтар арасынан Байқоңыр қаласынан 11, Қармақшы ауданынан 37 адамға қайтарымсыз грант беру мақұлданды, — деді Жандос Еркінбекұлы.
2025 жыл басынан бері мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде 33 жоба құны 772,3 млн.теңгеге несиелендірілді.
Оның ішінде:
1) Біріңғай кешенді бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктерден 4 жобаға 95,0 млн. теңге; (сауда саласындағы жобалар)
2) Аграрлық несие корпорациясынан «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 9 жобаға 571,1 млн. теңге; (мал шаруашылығы саласындағы жобалар)
3) «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр» ӘКК-нан 20 жобаға 106,2 млн. теңге несие берілді.
Сонымен қатар, аудан бойынша жаңа бизнес-идеяларды дамыту мақсатында өз кәсіптерін бастау үшін әлеуметтік осал топтарға жататын 48 азаматқа (Байқоңыр қаласынан 11 адам, Қармақшы ауданынан 37 адам)жалпы көлемі 75,5 млн.теңге болатын қайтарымсыз грант беруге комиссия тарапынан оң шешім қабылданды.