СЕНАТОР БАЙКЕНЖЕ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына іс-сапар барысында Байкенже ауылдық округіндегі 2024 жылы пайдалануға берілген № 143 орта мектебіне барып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты.

Халық қалаулысы мектептің материалдық-техникалық базасын, оқу кабинеттерін, спорт және акт залдарын аралап, оқушыларға жасалған жағдайларды көрді.

Кездесу барысында ұстаздар қауымы ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сенатор аталған мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті деңгейде қаралатынын жеткізді.

Мектеп – болашақ ұрпақтың білім мен тәрбие ошағы. Сондықтан білім саласына жіті көңіл бөлу – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін Сенат депутаты ерекше атап өтті.

Мұнан соң сенатор ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін назарға алды.

БӨЛІСУ