Арнайы құрылған жұмысшы топпен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің Шаған және Ақжарма елді-мекендері бойындағы «Керуен», «Нұрлы Жол» сервистік кешендерін аралап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау және ғимараттарының қасбетін ретке келтіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмысшы топ Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша шаралар қарастырылғандығы туралы кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірді. Тиісті талаптар сақталмағанда айыппұлдар салынатыны ескертілді.