Қызылордада аурухана есепшісі 129 млн теңге жымқырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылордадағы облыстық инфекциялық аурухананың бас есепшісі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады. 

Ол заңсыз әрекетін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырған. Оған өзінің жұбайы сыбайлас болып, кәсіпкер ретінде тендерге қатысқан. Нәтижесінде медициналық керуеттердің нарықтағы құнынан үш есе жоғары баға ұсынып, төсек орынның бір данасын 1 миллион 200 мың теңге деп көрсеткен. Аурухана мен серіктестік 220 дана медициналық керуетті 259 миллион теңгеге сатып алуға келісім-шарт жасасқан. 

Құзырлы орган қаржылық махинацияны әшкере етіп, мемлекетке келтірілген шығын толық өтелді. Айып тағылған бас есепші 2 айға қамалды. Іс сотқа жолданды.

БӨЛІСУ