Қамаудағы азамат заңды некеге тұрды.
Қылмыстық атқару-жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде қамаудағы азамат заңды некеге тұрды. Ол өзінің тағдырласымен ресми түрде отбасын құруға шешім қабылдап, барлық қажетті рәсімдерді орындап, неке куәлігін алды.
Мекеме заңгері Гүлмира Қарашаеваның айтуынша, қамаудағы азаматтардың заңды құқығын сақтау, оның ішінде отбасы құру құқығын қамтамасыз ету – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл рәсім ҚР заңнамасына сай жүзеге асырылды.
– Адамды қолдау қуаттайтынын түсіндім. Сондықтан, сүйіктіммен заңды некеге тұрғаныма қуаныштымын. Оның маған сенім білдіруі, отбасын құруымыз жауапкершілікті сезінуіме себеп. Бұл мүмкіндік өміріме оң өзгеріс енгізетіндей, – деді қамаудағы азамат.