Шиелі ауданында егін алқаптарын уақытылы және жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз ету, туындаған қиындықтарды жедел шешу, сондай-ақ шаруалардың өнімін сақтап қалу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен 8 облыстан 35 маман мен 11 дана су көтеру насос қондырғылары арнайы жолданып, аудан аумағына жеткізілген.

Қазіргі таңда келген мамандар мен техникалар қашыртқы каналдардағы суды тиімді пайдалану арқылы алқаптарға су жеткізу жұмыстарын үйлестіріп жатыр. Бұл жұмыстар егіс науқанының сәтті өтуіне, өнім көлемінің төмендеп кетпеуіне септігін тигізуде.

Аудан әкімдігінің бастамасымен құрылған штаб күнделікті бақылау жүргізіп, судың әділ әрі тиімді бөлінуін назарда ұстап отыр.

Егістік алқаптарын сақтау – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығына қосылған маңызды үлес.

БӨЛІСУ