МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІ МЕН ШИЖАҒА АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов пен Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті жұмыс сапарымен Секесуіл кентіне барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп ғимаратында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бүгінгі күнде құрылыстың 70 пайыздайы орындалып отыр. Құрылыс жұмыстарына жалпы 100 ге жуық адам жұмылдырылған. Жаңа әрі жайлы үлгідегі білім ордасы ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Білім ордасының құрылысын көрген Мәжіліс депутаты нысанның мерзімінде әрі сапалы түрде халық игілігіне берілуі қажет екенін баса айтты.

Сонымен қатар мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, ардагерлердің ұсыныс-пкірлеріне құлақ түрді. Кент тұрғындары мәжіліс депутатына жол және тұрғын үй салу мәселесін көтеріп, оның шешілуіне ықпал жасауды сұрады. Мұнан өзге кент тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытында жұмыс жасалатындығы айтылды.

Халық қалулысының кезекті сапары Аққұм ауылдық округіне жалғасты.

Ауылдық мәдениет үйінде өткен басқосуда ауыл тұрғындары елді мекендегі өзекті мәселелерге тоқталып, халық қалаулысына өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда елді мекенде су ұңғымаларын қазу сынды мәселелерге тоқталды.

Азаматтармен пікірлескен М.Жайымбетов көтерілген мәселелер бойынша заң аясында жұмыс жасайтынын жеткізді.

БӨЛІСУ