Бүгінде Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ тұрақты түрде рейд жасап, су айдындарындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауға алып келеді.

Шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін судағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілуде.

Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйде суға түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, тек белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

БӨЛІСУ