28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы атаулы күнге орай облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы спорт және туризм саласын кең көлемде насихаттап, жаңалық жаршысы болып жүрген бірқатар қаламгерлерді қабылдады.

Мерекелік кездесуде Жігер Оңдасынұлы халық пен билік арасында алтын көпірге айналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, өзінің шынайы ризашылығын білдірді.

– Ақпарат айдынында уақытпен санаспай үздіксіз еңбек етіп, аймағымыздың жағымды жаңалықтарын дер кезінде халыққа жеткізіп жүрген журналистер қауымына шынайы алғысымды білдіремін. Бүгінде облысымыздың барлық саласында оң өзгерістер орын алуда. Соның ішінде спорт және туризм саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Сіздер арқылы Сыр спортының теңдессіз жетістіктері мен жарқын сәттеріне жұртшылық үнемі куә болып жүр. Бұл өз кезегінде ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларымыз бен сала мамандары үшін үлкен қолдау, – деді басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы.

Жиын соңында журналистер қауымына басқарма басшысының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталып, естелік суретке түсумен аяқталды.

БӨЛІСУ