Заманында талай тіршілікке демеу болып, адамзат баласының айбынына айналған Арал теңізінің кері қайтқанына да көптеген жылдардың жүзі болды. Шалқыған көк теңізді көзімен көрген аға буын бүгінде шаңы шыққан маң даланы жаяу шарлап, ат-көлікпен аралап жүр. Бүгінде теңіздің 6,0 млн. гектар алқабы шөл талаға айналды. Салдарынан Арал өңірі экологиялық апат аймағы саналып, мәселе әлемдік деңгейде көтерілді. Бүгінде бұл мәселе Президент назарынан да тыс қалған емес.
Адамзат тарихындағы ең ірі экологиялық апат салдарынан жерді тұз басып шөлейтті жер аумағының көлемі көбейіп, адамзат денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің көбейіп өсуіне кері әсерін тигізіп отырғандығы белгілі жәйт.
Мемлекет басшысы да бұл мәселеге аса мән беріп, 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасы берілген болатын.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2024 жылдары барлығы 659,1 мың гектар алқапқа екпелер жасалды, (оның ішінде 332,5 мың гектары облыс үлесінде, қалған 326,6 мың гектары Орман шаруашылығы комитетімен атқарылды).
2025 жылы қалған 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдарын егу жоспарлануда.
Оның ішінде 100 мың гектар облыстық деңгейде, қалған 340,9 мың гектары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталған жұмыстарды атқаруға бюджеттен тыс қаражаттын тарту жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы арқылы 500 млн қаржы бөлінсе, бұдан бөлек Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктері мен КАТКО және “РЛССО” РМҚК орман екпелерін өтемдік отырғызу бойынша міндеттемелерді АТҚТ-ға қайта бөлу үшін бесжақты келісім жасалды.
КАТКО тарапынан қаржыландырудың жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгені құрайды, бұл жоспарланған АТҚТ-ның жұмыс көлемін қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек Арал ұлтанында галофитті өсімдіктер егу жұмыстары бұған дейінде жүргізіліп, оң нәтижесін берген.
2021 жылға дейін 192,8 мың гектар жерге тиісті жұмыстар жүргізіліп, 144,3 мың гектар жер табиғи өсім қалыптасып, орманмен қамтылған жерлер 337,1 мың гектар жерді құрады.
Бұдан бөлек 2024-2025 жылдары облыстық деңгейде көктем айында өткен жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 26500 гектары толықтыру жұмыстары жүргізілді.
Қажетті сексеуіл көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 148 гектар жерге уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылуда.