ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы айтты.
2024-2025 оқу жылында мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» эко бірлестігі құрылды, оған 125 мың оқушы қатысты. «Жасыл балабақша» бағыты бойынша 77 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Ата-аналар, педагогтер және оқушылармен бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам экологиялық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәжірибеде іске асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмысқа 40 мыңнан астам баланы қамтитын жас натуралистер мен жас туристер жұмылдырылған», – деді Ғани Бейсембаев.
Жазғы кезеңде экологиялық білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жазғы науқан барысында оқушылар табиғатты қорғау жобаларына, ерекше қорғалатын аумақтар бойынша экскурсияларға, туған өлкенің тарихын зерделеу жөніндегі іс-шараларға қатысады.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылордада ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жалпы экологиялық іс-шара басталғалы бері оған 730 000-ға жуық облыс тұрғыны қатысып, 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Екі жылдан бері облыста «Үлгілі елді мекен» байқауы өткізіліп келеді. Байқау шеңберінде облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, жеңімпаз елді мекендерге 48 арнайы коммуналдық техника табысталды.