«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Жүнісов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс-офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Ә. Жаппасбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері және ветеринария саласының қызметкерлері қатысты.
Жиында спикерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, комплаенс жүйесін ұйымдастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысындағы діни көзқарастар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыланды.
Жиын соңында арнайы дайындалған тақырыптық бейнематериал көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізгі терминдердің бірі ретінде анықталған сыбайлас жемқорлық латын тілінен “соггитреге” сөзі мағынасына қарай “мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы” дегенді білдіреді, “сатып алу” терминінің мәні ретінде – әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен Қазақстанда мемлекеттік саясат басымдықтарының заңнамасы мен моральдық нормаларына қайшы келетін пайдалануын білдіретін термин.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, осы мақсатта басқарма тарапынан түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.