Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Судья және сот қызметкерлері күніне орай мекерекелік қабылдау өткізді. Іс-шараға аудан ардагерлері, ауданның сот саласының қызметкерлері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары мен қызметкерлер арнайы қатысты.

Мерекелік қабылдауда аудан басшысы заң үстемдігі мен сот төрелігін қамтамасыз етудегі сала қызметкерлерінің еңбектеріне тоқталып өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды» деп атап көрсетті. Сот жүйесі – мемлекеттің маңызды тіректерінің бірі. Оның беделі мен азаматтардың сот билігіне деген сенімінің деңгейі сала қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен моральдық-этикалық нормаларын сақтауға тікелей байланысты. Қазақстанның сот билігі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қарқынды даму үстінде. Сіздердің заң үстемдігі мен сот төрелігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз еселі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Іс-шарада аудан әкімі сала қызметкерлеріне «Алғыс хат» табыс етіп, құрмет көрсетті.

Қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Балшекер Өтегенова сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін жеткізді. Ал аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Кәмшат Сәдуақасова кәсіби мерекеде арнайы құрмет көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.

БӨЛІСУ