2025 жылғы 1 маусымға 45,2 мың отбасындағы 242,4 мың адамға 13,4 млрд. сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды.
Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 4 618 469,0 мың теңге бөлініп, 2869 отбасына (14 863адамына) 855 774,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 2774 отбасы (14362 адамына)663 491,5 мың теңге төленді.
Оның ішінде:
– шартты әлеуметтік көмек 1990 отбасына (11036адамына) 537989,6 мың теңге тағайындалып, 1782 отбасы (9932 адамына ) 340181,1 мың теңге төленді.
-шартсыз әлеуметтік көмек 850 отбасына (3632адамына) 286 958,9 мың теңге тағайындалып, 835 отбасы (3581 адамына) 226 686,2 мың теңге төленді.
Сонымен қатар, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 7353 балаға қосымша төлемге (1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) 358 447,0 мың теңге бөлініп, 2118 отбасының 4360 баласына87573,0 мың теңге төленді.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасылардың 5100 баласына жолда жүру ақысына 160 426,0 мың теңге бөлініп, 4140 балаға 53 033,7 мың теңге қаржы төленді.
– Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен 50 отбасын қамтамасыз етуге 895,0 мың теңге қаралды.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
– табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
– табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 маусымға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,5 мың балаға 1,8 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
– жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% – нан төмен емес деңгейде айқындалған.