Ауыл балаларына арналған ауқымды жоба «IQanat» олимпиадасы өз мәресіне жетті. 8 айға созылған бірегей білім бәйгесіне 50 мыңнан астам оқушы қатысып, ақтық мәреге мың бала ғана өткен болатын. Қабілетті әрі ынталы балалар жиналған айтулы додада №57 Елеу Көшербаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрдаулет Базарбаев өзгелерден оза шауып, Республика бойынша 100 балаға ғана берілетін «IQanat» мектебінің грантын жеңіп алды.
Айта кетейік бұл №57 Елеу Көшербаев атындағы орта мектебінен шығып жеңімпаз атанған алғашқы оқушы емес. Осыған дейін Республикалық білім бәйгесінде топ жарып, Бурабайдағы “IQanat High School of Burabay” мектебінде білім алған Нұрасыл Нұралы аталмыш оқу ошағын тәмәмдады. Былтырғы оқу жылындағы сайыста ақтық мәреге дейін жеткен шәкіртіміз Гүлсезім Баймырза сайыстың кординаторы.