ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

«Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» КММ-сінің құрылыс саласына бюджеттен бөлінген қаржысы 12 979,8 млн теңгені құрайды. Оның ішінде ҚР Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы 1 753,8 млн теңге, РБ-дан 4 287,9 млн теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде РБ-дан 350,0 млн теңге және ҚР Ұлттық қор есебінен 1 932,1 млн теңге, ОБ-дан 3 448,5 млн теңге, қалалық бюджеттен 1 207,5 млн теңге бөлініп төмендегі жобалар атқарылатын болады:

  1. «Тұрғын үй» құрылысын салу бағдарламасы бойынша 1 000,0 млн теңге бөлініп: Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде №2 ықшам ауданында Жоба құны 8 млрд 649,1 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы барлығы 28 905 м2  40 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2024 жылы 5 млрд 762,5 млн теңге бөлінген. Аяқтауға 1 886,6 млн теңге алдағы уақытта бөлінеді. Наурыз айында жоспар негізінде 600,0 млн теңге игерілді.
  2. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына 1 774,1 млн теңге қаржы, оның ішінде РБ-дан 460,0 млн теңге «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде коммерциялық үй жайлары бар 12 қабатты 66 тұрғын үй салу (4 үй). Электрмен жабдықтау» жобасына бөлінді. Алайда бұл жоба толықтай 2024 жылы іске асырылғандықтан бұл жобаға бөлінген қаржыны ағымдағы жылы жүргізілетін жобаларға бағыттауға тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Ұлттық қор есебінен 732,059 млн теңге «Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге инженерлік желілер құрылысы. Қиыршық тас жол құрылысы» жобасына бөлінді. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС. Қосымша келісім шарт жасалынуда. Жоба құны келісім шарт негізінде 1 245,1 млн теңгені құрайды. Облыстық бюджеттен 553,5 млн теңге Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №5 тұрғын кварталының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы. Бас жоспар және телефон желілерін жүргізуге бөлінді. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС. Қалалық бюджеттен 28,6 млн теңге инженерлік жүйелер жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге бөлінді. Бірінші тоқсанда қаржы игерілмеді.
  3. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2 282,1 млн теңге бөлінді. РБ-дан 350,0 млн теңге «Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылында 67 көшеге электр желілерінің құрылысы» жобасын бастауға бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурстары негізінде «Сәт Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды.  Ұлттық қор есебінен 1 932,1 млн теңге бөлініп: 1). Ақсуат ауылдық округіне қарасты жаңа қоныс аумағының электр желісін жалғастыруға 573,1 млн теңге бөлінді. 2024 жылы осы жобаны бастауға 80,0 млн теңге бөлінген. Жоба құны 1 004,9 млн теңгені құрайды. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 41,3 км, ВЛ 10 кВ-11,3 км электр желісі 560 тұрғын үйге жүргізілетін болады. РБ-дан қажетті қаржы 251,3 млн теңге, ОБ-дан 100,5 млн теңге қажет. 2). Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан елді мекеніңдегі жаңа қоныс аумағына электр желісі жобасын жалғастыруға 307,1 млн.теңге бөлінді. 2024 жылы бастауға 50,0 млн теңге бөлінді. Жоба құны 391,8 млн теңгені құрайды. Жобаны толық аяқтауға ОБ-дан 39,2 млн.теңге қажет. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 17,9 км, ВЛ 10 кВ-9,7 км электр желісі 604 тұрғын үйге жүргізілетін болады. 3). Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылында электр желілерінің құрылысын аяқтауға 363,9 млн.теңге бөлінді. 2023 жылы ОБ-дан 100,0 млн теңге, 2024 жылы РБ-дан 48,0 млн теңге, Ұлттық қордан 131,5 млн теңге бөлініп игерілген. Жоба құны 643,2 млн теңгені құрайды. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 24,1 км, ВЛ 10 кВ-2,2 км электр желісі жүргізілетін болады. 4). Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату желілерін қайта жаңғырту жобасын жалғастыруға 688,1 млн теңге бөлінді. 2024 жылы 85,2 млн теңге бөлінді. Жоба аясында ВЛ 0,4 кВ- 44,7 км, ВЛ 10 кВ-10,2 км электр желісі 672 тұрғын үйге жүргізілетін болады. Жоба құны 1 166,6 млн теңгені құрайды. Жобаны аяқтауға РБ-дан 276,6 млн теңге және ОБ-дан 116,7 млн теңге керек. Бірінші тоқсанда 827,9 млн теңге игерілді.
  4. «Газ  тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қор есебінен 200,0 млн теңге  Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-ші іске қосу кешенін жүргізуге бөлініп толықтай игерілді. Жоба құны 1 036,3 млн теңге. РБ-дан 730,4 млн теңге қажет.
  5. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы 2 505,5 млн теңге бөлінді. ҚР Ұлттық қор есебінен 821,8 млн теңге бөлініп: «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыру» жобасын жалғастыруға 720,407 млн теңге бөлініп келісім шарт негізінде аванс 30 пайыз 210,0 млнтеңге төленді. 2023 жылы басталған «Қызылорда қаласының кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңғырту. Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 «Гагарин» КСС» жобасын жалғастыруға 101,4 млн теңге қаржы бөлінді.
  6. Кезекте тұрған көп балалы және осал топты азаматтарға пәтер сатып алуға 5 500,649 млн теңге, авариялық деп танылған тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтарға 135 пәтер сатып алуға ОБ-дан 1 672,704 млн теңге, РБ-дан 3 827,945 10,5 млн теңге бөлінді.
  7. «Жылу энергетикалық жүйені дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау (1 кезек). Аяқталмаған кезек» жобасын аяқтауға 797,5 млн теңге бөлінді. Келісім шарт негізінде аванс 233,0 млн теңге төленді. Жоба ағымдағы жылдың жылу беру маусымына дейін толықтай аяқталып пайдаланушы мекеменің теңгеріміне өтетін болады.
БӨЛІСУ