ЖАСТАР САЯСАТЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2025 жылға                                       362 мың 279 халық, оның ішінде 103 мың 102 (ауыл жастары 12 499) 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 28,5 пайызын құрайды.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2025 жылы 19 млн
381 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Ақпарат ретінде:

  1. «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі
  2. «Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіруді жүзеге асыру» әлеуметтік қызметі
  3. «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі
  4. «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау» әлеуметтік қызметі
  5. «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі
  6. «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» әлеуметтік қызметі
  7. «Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар» әлеуметтік қызметі
  8. «Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметі

 

Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған қалалық жастар ресурстық орталығының қызметін 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында                   1627 жас пайдаланды. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.

2025 жыл қаңтар-наурыз айынан бері атқарылған шаралар саны — 40 шара, шараларға қамтылған жастар саны – 1670, тұрақты қамтылған жастар
саны — 100, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 1627,
Орталық мамандарынан кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 950.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 8 жариялым жарық көрген, орталықтың @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 7142 оқырман бар,
30 пост жарияланған, фейсбук парақшада 4960 достығы бар,  132 пост жарияланды.

 «Qosyl kenes»  кеңес беру бағыты бойынша жыл басынан бері
4 рет «Мүмкіндіктер алаңы» өткізілді. және @jumys.bar инстаграм парақшасында 97 бос вакансия жарияланды.

Құқық бұзушылық бойынша

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 8 рет түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кездесулер
айына 2 мәрте тұрақты түрде өткізіледі. Қаңтар-наурыз айы 6 рет өткізілді.

Жастар мен жасөпіімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында биылғы жылдан бастап «Qosyl Ақпарат» деген атаумен жастарға ақысыз қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын ақпараттандыру жұымыстарын жүзеге асырудамыз. Соның ішінде мемлекеттік бағдараламалар мен жбалар бойынша қызмет көрсететін орталықтар туралы.

Әлеуметтік жоба бойынша

«Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша Ұлттық спорт күнінің қарсаңында қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ сынды ойындардан сайыс өткізілді. Жеңімпаздарға ұйымдастарушылар тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы спорттық тауарлар сыйға берілді.

Жастар мамандарының біліктілігін арттыру бағытында
«Жастар мамандарын оқыту» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Аталмыш тренинг аясында барлық деңгейдегі жастар орталқтарының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кент жастар мамандары тартылды. Бірінші кезекте мамандардың біліктілігін арттыру және «Жастар сұранысын табу, бастамышыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді.

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік жобалар қатарына «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік қызметі қосылды. Жоба аясында жұмыссыз жастарға арналған жұмыс орындарына экскурсиялар, оқытулар мен тренингтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылуда.

NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында «NEET» санатындағы жастардың саны 2 331 адамды құрады.

Жастар орталығы, «Мансап» орталығы, кірістер басқармасы, полиция басқарамасы  және кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен  2210  жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталуда.

Ақпарат ретінде:

  • Сауалнама толтырылған – 729 адам

(мектеп оқушысы-1, жалдамалы жұмысшы-151, тіркелмеген жеке кәсіпкер-35,басқа елде және басқа аймақта студент ретнде оқып жатқан-51,
үй шаруасында-102, шетелде жұмыс жасайды және тұрып жатқандар-35,
басқа қалада жұмыс жасайды-62, мезгілдік жұмыс жасаушылар-96,
тұрақты жұмысы бар-16, жұмыссыз-124, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар такси жүргізушісі-15, өздері туралы ақпарат беруден бас тартқандар-
41)

  • Адрестік жұмыстар кезінде есігін ашпаған 734 адам бойынша учаскелік полиция арқылы байланысып, статустары толықтырылуда.
  • Мекен-жайы картада көрсетілмеген немесе анықталмаған – 260;
  • Көшіп кеткен, адрестік тіркеу өзгереген – 53;
  • Көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындар – 279;
  • Тұрғын үй орнында мекеме орналасқан –

Қазіргі таңда ОЦК бойынша 432 жас өзектендірілді.

Отбасылық цифрлық карта мәліметі бойынша  «NEET» санатындағы жастардың саны 1899 дейін азайған. Яғни, 2024 жылдың тамыз айынан бастап 687 азамат өзектенген.

Сонымен қатар, жұмыс жасауға ниетті азаматтар тізімі қалыптастырылып аймақтағы коммуналдық мекемелерге  жолданылуда.

 Жұмыссыз жастар үшін, «Мансап» орталығымен бірлескен 4 мәрте  «Мүмкіндіктер алаңы»  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы азаматтарды телефон байланысы арқылы шақыру ұйымдастырылды.  Аталмыш бағыттағы жұмыстар ай сайын тұрақты өтіп отырады.

Қала және ауылдық округтер бойынша бөлініс жасалып, қайта аралау  жұмыстары барысында 412 азаматқа жоспарға сәйкес бүгінгі күні адрестік зерделеу жұмыстары жалғасуда.

«Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды
«Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Осыған сәйкес биылғы жылы да орталық тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылу жоспарда.
Аталмыш жобаның аясында жастар арасында кәсіптік және техникалық мамандықтар арасында, қаржылай сыйлықтарды қарастыра отырып байқаулар тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер ұйымдастырылады.

«Ауыл жастарына қолдау көрсету және  әлеуметтендіру», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» сынды жобаларда жүзеге асырылуда.

БӨЛІСУ