2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 186,5 мың адам қамтылды, 190,6 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 116,2 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 10,8 мың адам, жастар практикасында 7,8 адам, қоғамдық жұмыстарда 83,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 12,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 1,4 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 59 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 39,4 мыңы оқуды аяқтады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 26,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 14,4 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 1 687 адам жіберілді, оның ішінде 89 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 83 адам немесе 93,3%-ы жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 176,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.
Мәселен, 2025 жылғы 1 маусымда 190,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 100 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 44,7 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 44,8 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 1,1 мың адам.
Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру көзделген. 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында «Business.Enbek» порталында грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі жүзге асырылды. Барлығы 11 479 өтініш қабылданды.
Қала аумағында 5115 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 746-ы тұрақты жұмыс орны.
2025 жылдың 1 маусымына Қызылорда қалалық Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан азаматтардың саны 11756, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 5115, тұрақты жұмысқа орналасқаны – 746, яғни жұмысқа орналасқандарқатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі14,6%-ды құрады.
Есепті кезеңнің соңына тіркелген жұмыссыздар саны – 6949, уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,6%-ды құрады (2024 жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны – 151301 адам).
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 115 адамды оқыту жоспарлануда.
— Жаңа бизнес — идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 520 адамға беру жоспарлануда.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау бойынша:
— Қоғамдық жұмыстарға 2215 адамды жолдау жоспарланып, 2631 адам;
— Әлеуметтік жұмыс орындарына 295 адамды жолдау жоспарланып,
78 адам жолданды.
— Жастар тәжірибесіне 2099 жасты жолдау жоспарланып, 291 жас маман;
— «Күміс жас» жобасына 705 адамды жолдау жоспарланып, 330 адам;
— «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 1054 жас маманды жолдау жоспарланып, 2 адам жолданды.