СУҒА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шиелі ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Ханқожа көлінің маңында тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған арнайы рейдтік түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында суға шомылу маусымында орын алатын оқыс жағдайлардың алдын алу, рұқсат етілмеген орындарда шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау және алғашқы көмек көрсету тәртіптері түсіндірілді. Мамандар азаматтарға жадынамалар таратып, ескерту жасады.

Жаз мезгілі балалар үшін мамыражай уақыт. Оларға суға шомылу ерекше көңіл-күй сыйлары сөзсіз. Алайда жасөспірімдердің тарапынан суға түсу ережесін сақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осы тұрғыда тиісті мекеме қызметкерлерінің жұмысы күшейе түсеері сөзсіз.

Түсіндірме жұмыстарының барысында тұрғындарға суға шомылу барысында балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тиым салынатынын хабарлай келе, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшалары таратылды.

Жазғы маусымда адамдардың тыйым салынған орындарда суға шомылудың алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Судағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ