КЕНТ КЕЛБЕТІ ТҰРҒЫНДАР МЕРЕЙІ

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шиелі ауданында кең көлемде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
⠀
Акция аясында аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде көшелер, арық-атыздар, қоғамдық орындар, саябақтар тазартылып, арам шөптер жұлынып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.
⠀
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер, тұрғындар белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
⠀
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сенбілік жұмыстарына атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ