Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар қайтарымсыз грант ұтып алды.
Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 3 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар “Бастау Бизнес” жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде “Атамекен” кәсіпкерлік палатасында оқып, мал шаруашылығы , бетон өнімдерін шығару және шұжық өнімдері бойынша бизнес жобаларын қорғап, 1 млн 572 мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы Фариза Сембаеваның айтуынша, есепте тұрған сотталғандар әлеуметтік-құқықтық көмектерді алып жатыр, соның ішінде жеке кәсібін ашып, дамытушылар саны көбейіп жатыр. Үш сотталған бизнес жоспарларын қорғап, сертификаттары табысталды. Пробация есебіндегі сотталғандардың жеке кәсіп ашуы – олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне негіз болады, – дейді Ф.Сембаева.
– Бизнес жобам мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз грант алғаныма қуанып тұрмын. Енді кәсібімді ашамын. Шұжық өнімдерін шығарып, халыққа сапалы өнім ұсынамын. Шұжық өнімдері әрдайым сұраныста. Жеке кәсіп ашсам деген өтінішіме құлақ асып, көмек көрсеткен жергілікті атқарушы органдар мен Қызылорда қалалық пробация қызметіне алғысымды білдіремін, – деді пробация есебіндегі тұрғын.