18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
Байқауға Қызылорда облысынан 4 оқушы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі диплом және алтын медалін – 1 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін – 2 оқушы иеленді. Арнайы алғыс хатпен 1 оқушы иеленді.Сонымен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ (ноутбук) СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:
АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ ЭЛЬВИРА – Қазалы ауданы,
258 негізгі мектебі, 9-сынып оқушысы, «ӘНДІ СҮЙСЕҢ МЕНШЕ СҮЙ» Абай Құнанбайұлы,Шәкерім Құдайбердіұлының әндерін орындау номинациясы бойынша жеңімпаз;
lІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ:
СӘРСЕНБАЙ ГҮЛБАҚЫТ-Арал ауданы,263 орта мектебінің 10-сынып оқушысы.”СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ” М.Әуезов,Р.Тоқтаров шығармаларындағы Абай бейнесін талдау номинациясы бойынша жеңімпаз;
ЖОЛДЫБАЙ АЯУЛЫМ – Жалағаш ауданы, 114 орта мектебінің,9-сынып оқушысы.«АБАЙДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» Абай өлеңдерін жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз.
ГРАМОТА ИЕГЕРІ:
ТАЛҒАТҚЫЗЫ ІҢКӘР-Қармақшы ауданы,29 орта мектебі,10-сынып оқушысы.”АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ”Шәкәрім Құдайбердіұлы,Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша грамота иегері;