АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Арал ауданында FSM Social ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Аудан бойынша салааралық мобильдік жұмысшы тобына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара аудандық мәдениет үйінде кең көлемде өткізілді. Іс-шараға 250 ден астам білім, денсаулық, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері белсенді түрде қатысып, жаңа жүйенің негізгі бағыттары мен артықшылықтары туралы жан-жақты мағлұмат алды.

FSM Social – халықты әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық құрал. Жүйе арқылы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы жақсарып, көмекке мұқтаж азаматтарға жедел әрі әділ қолдау көрсету көзделіп отыр.

Арал аудандық отбасын қолдау орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

БӨЛІСУ