Бюджеттік Кодекстің 125-бабына сәйкес, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында 2024 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы қаралуы тиіс. Осыған сәйкес, арнайы әзірленген кесте негізінде бүгін Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтіп, 2024 жылдың облыстық бюджетінің орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Оған облыстық мәслихат депутаттары және бюджеттік бағдарлама әкімшілері қатысты.

Отырыста облыс әкімі мен мәслихат аппараты, барлық басқармалардың және облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Баяндамаларда даму жоспарларындағы нысаналы индикаторлардың орындалуы, бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты игерілуі, тікелей түпкілікті нәтижеге қол жеткізілуі жайы қамтылды.
Комиссия отырысында депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, бюжеттік бағдарлама әкімшілеріне алдағы уақытта қандай да бір кемшіліктерге жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

БӨЛІСУ