Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті. Мәжілістен соң аудан әкімі Ардақ Ибраимов күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі террористік әрекеттерге қорғанысы осал нысандардың қауіпсіздігін арттыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» орындалу барысын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.