Шиелі ауданында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы аясында еңбек жанжалдары туындауы мүмкін кәсіпорындар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов пен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов төрағалық етті.

Басқосу барысында еңбек қатынастары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жұмысшылардың әлеуметтік аударымдары және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы анықталған тәуекел деңгейі жоғары мекемелердің деректері негізінде нақты шаралар қабылдау, еңбек жанжалдарының алдын алу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулердің мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы тұрақты, қауіпсіз еңбек қатынасын қалыптастыру.

БӨЛІСУ