Қызылорда облысының Полиция департаментінде 40 –тан астам полицей династиясы және отбасы қызмет етеді.
Қалыптасқан дәстүрі мен өзара құрметі бар мықты отбасының басты көрсеткіші әулет болып табылады. Полиция қызметкерлерінің отбасылық құндылықтарының күші туралы кәсіби діндерден айтуға болады. Ішкі істер органдарында екі, үш және одан да көп ұрпақ қызмет ететін отбасыларда патриотизм, құрмет, қызметтік борыш сияқты ұғымдар жай ғана сөз емес.
Дәл осы династияда қызметке деген құрмет, борышқа деген адалдық, мамандықтың беделі бала кезден басталады.
Бүгінде полицей династиясын құрап отырған отбасылар баршылық. Қызылорда облысының Полиция департаментінде мамандыққа адалдық танытып, қоғам тыныштығы жолында күннің ыстық-суығына қарамастан еңбек етіп, қашанда темірдей тәртіпке бағынатын 40-тан астам полицейлер династиясы бар. Мұнда атадан әкеге, әкеден ұлға жоғары адамгершілік құндылықтар, өзгелер үшін өзін құрбан ету қабілеті берілген.
Мұхтаровтар, Отарбаевтар, Байкенжиевтер, Нұрбаевтар, Анафиндер, Оразовтар, Қоразбаевтар, Ағыбаевтар, Жартеновтер, Ахметовтер, Сүлейменовтер, Бисенбаевтар, Бөгенбаевтар, Беркімбаевтар, Жауеновтер, Тоқтыбаевтар, Әзірбек, Сайдильдиновтер, Бексеитовтер, Багисовтар, Искаковтар, Әлиевтер, Саламатовтар, Калменовтер, Ахметкалиевтер, Қоңқабаевтар, Аймахановтар, Садықовтар, Пірімбетовтер, Өксікбаевтар, Райхановтар, Серікбаевтар және тағы да бірнеше буынға жалғасқан үлгілі полицейлер династиялары бар.
Бұл әулеттердің өкілдері тәжірибелі, білімді, білікті, әрі өз ісіне шын берілген мамандар.
Династиялардың ішінде ішкі істер саласында қызмет атқара жүріп отбасын құрғандар да жетерлік. Солардың бірі Жаңақорған ауданы полиция бөлімінде- полиция капитаны Жандарбеков Мейржан және Айтолқын Мейрамбекқызының отбасы. Қазір олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау сапында қызмет өткеріп жүр, әрі екі ұл мен 1 қыз тәрбиелеп отырған бақытты жандар.
Бұл әулеттерді біріктіретін бір мақсат пен ортақ мүдде. Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында бірнеше буын өкілі бір салада тер төгіп, құқық қорғау қызметін өмірлік ұстанымына айналдырған полицейлер династиялары бүгінгі жас ұрпаққа үлгі боларлық отбасылар.