Үкілеген үміттерін арқалаған жас түлектер мектеп қабырғасынан ұшып, үлкен өмірге жолдама алды. Иә, арғымақтай тулаған уақытта шек жоқ. Жас түлек үшін он бір жыл көзді ашып-жұмғанша жылдам өте шыққаны көңілге қимас сезім ұялатады. Күні кеше ауданымыздың барлық білім ошақтарында түлектертер мен 9 сыныпты тәмәмдаған оқушыларға аттестат тапсыру салтанатты шарасы өткізілді. Жүректері лүпіл қағып, өмірдің жаңа табалдырығына қадам басқалы тұрған 1091 жас түлек қолдарына куәліктерін алды. Оның ішінде 59 түлек алтын белгі иегері атанса, 88 оқушы мектепті үздік аттестқа бітірді. Сондай-ақ 1663 бала 9 сыныпты бітіріп, аттестаттарын қолдарына алса, 159 оқушы қызыл аттестат иегері атанды. Олардың арасында Облыстық, Республикалық білім додаларында бой көрсетіп, түрлі жарыстардан жүлдемен оралғандары қаншама.

Аудан бойынша өткізілген салтанатты шарада түлектер ұстаздарына ән арнап, мектеп вальсін биледі. Ізгі тілектер айтылып, алтын ұя мектептерімен қоштасты.

БӨЛІСУ