Қала мектептерінде аттестат тапсыру рәсімдері өтті.Осыған байланысты құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта заңсыз жүруінің және мектеп бітіруші түлектер тарапынан тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шара өтуде.
Рейдке құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен ерікті жастардан құралған кезекші топтар тартылып, жауапты аумақтарға бекітілді.
Мектептерде қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта ата-аналарсыз немесе заңды өкілдерсіз жүруге жол бермеу, суға шомылу және жолда жүру қауіпсіздігі тақырыптарында түсіндіру жүргізілді.
Биыл Қызылорда қаласы бойынша жалпы орта мектептің 11 сыныбын 3945 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 272 оқушы «Алтын белгі» ,408 оқушы «Үздік аттестат» иегері.
Сонымен қатар, қала көшелері мен қоғамдық орындарда түнгі рейд ұйымдастырылды. Бұл шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.