ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгін қала әкімдігінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Онда қалалық қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм, білім бөлімдерінің басшылары, өкілдері экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы баяндады.
Жұмысшы топ мүшелері осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп болып табылады. Экстремизм – бұл кез-келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін өте үлкен қауіп. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады. Мұндай профилактикалық жұмысты жастар арасында жүргізу өте маңызды, өйткені әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі антиәлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырау тұрғысынан бұл ең осал болып табылатын орта.
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – баршамызға ортақ міндет!

БӨЛІСУ