Құқықбұзушылық – заңға қайшы әрекет, ол үшін әр адам жауапкершілікке тартылады. Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның туындау себептерін болдырмау. Бүгінгі күні бұл-өзекті мәселелердің бірі.
Осы орайда Қызылорда қаласында орналасқан Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 18 маусым күні өткізілетін мектеп бітіруші түлектерге «Аттестат тапсыру» мерекелік іс шарасы қарсаңында қала орталығындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлы жазғы демалыс уақытында балалардың суға кету деректерінің алдын-алу, ата-аналар чаттары арқылы «Интернет алаяқтық» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, хабар-ошарсыз кету деректерін болдырмауды, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.