Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Бірлескен отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ф.Аббасова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан болған ұсыныстар бойынша қолдау тапқан мәселелерге қысқаша тоқталып өтті.
Хабарламадан соң, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның бүгінгі отырысында күн тәртібіндегі «Қызылорданың жасыл белдеуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» мәселе бойынша депутат Ж.Нұрымбетовтың тарапынан қойылған сауалға сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғ.Еркебай тарапынан жан-жақты, нақты жауаптар берілді.
Одан бөлек, күн тәртібіндегі «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы»; «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған 5 мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.