Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге медициналық ұйымдарда қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы айқындайды.

Медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі мен деңгейіне және пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады.

«Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз — біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында.

Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің өзінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірленетін болады.

Соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне күш қолдану арқылы жасалған 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, олардың салдарынан дәрігерлер әртүрлі деңгейде жарақаттар алған.

БӨЛІСУ