ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2023 жылы 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен бөлген 118 млн. 400 мың теңгеге мектептерге инфрақұрылым жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, жұмыс толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, мектептердің іргелес аумақтарын абаттандыруға, жол салуға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 80 млн. теңге қаралды. Қазір Қызылорда қаласындағы 1500 орындық мектептегі құрылыс жұмыстары 57 пайыз, екінші 1500 орындық мектептегі жұмыс 38 пайыз орындалған. Ал 600 орындық мектеп 64 пайыз, Арал ауданындағы 300 орындық мектеп 63 пайыз біткен.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ